Ақмолалық оқушылар Абай оқуларынан жүлдемен оралды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық оқушылар республикалық Абай оқуларынан жүлдемен оралды.

Еске сала кетсек, жақында Семей қаласындағы Абай-Шәкәрім кесенесінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Туады ерлер ел үшін...» I Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршыларының байқауы және XVI Республикалық Абай оқулары өткен болатын.

Бес аталым бойынша ұйымдастырылған байқауда Ақмола облысының абыройын 4 оқушы қорғады. «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа оқыған Көкшетау қаласының 7-сынып оқушысы Ермек Рашитов өзінің жүйрік екенін көрсете білсе, «Көңілім әнді ұғады» номинациясында 5 сынып оқушысы Инара Мұқышева жақсы өнер көрсетті, сондай-ақ, зеренділік Нұрмұқамед Асан бұл жарыста өзінің туындыларымен көзге түсті, ал бурабайлық Мейрамкүл Келгенбай «Алатаудай айбатың, Ер екенсің айтулы» номинациясына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Ермек Рашитов және Мейрамгүл Келгенбай үшінші орынды қаңжығаларына байлады. Асан Нұрмұқамед Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының арнайы сыйлығы мен ал Инара Мұқышева мақтау қағазымен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар