Ақмолалық мүмкіндігі шектеулі спортшылар үстел теннисінен ел чемпионы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі спортшылар үстел теннисінен Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметі бойынша, Петропавл қаласында тірек-қимыл аппаратында кемістігі бар спортшылар үстел теннисінен ел чемпионаты өтті. Оған еліміздің 14 өңірінен жиналған 130 спортшы қатысып, бақ сынады. Қатысушылар бес күн бойы 10 класс бойынша күш сынасты.

null«Оның ішінде Ақмола құрамасы атынан қатысқан степногорлік Наталья Курдюкова жекелей есепте чемпион атанса, командалықта көкшетаулық Қымбат Досмағамбетовамен жұп құрып екінші рет чемпион атанды. 

null Сондай-ақ, атбасарлық Қайрат Тастеміров пен степногорлік Владимир Иванов жұбы екінші, ал, көкшетаулық Ринат Агрусев,  көкшетаулық Қымбат Досмағамбетова және степногорлік Владимир Иванов үшінші орын иеленді.

«Жалпы, командалық есепте Ақмола облысының құрамасы жетінші орынға тұрақтады», - деп түсіндірді М.Большина.

Соңғы жаңалықтар