Ақмолалық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Бұл жолы байқауға аудандық және қалалық кезеңдерден өткен 26 отбасы қатысқан. Оның ішінде облыстық деңгейге 6 отбасы іріктеліп, жүлделі орындарды иеленген. Атап айтқанда, 1-ші орынды Бурабай ауданынан Қалмағанбетовтер отбасы және Зеренді ауданынан Насибулиндер отбасы өзара бөліссе, 2-ші орынға Сандықтау ауданынан Ереминдер отбасы лайық деп танылды. Ал Бұланды ауданынан келген Маликовтер жанұясы 3-ші орынды еншіледі.

Сондай-ақ, байқауға қатысқандары үшін Жақсы ауданынан Ешімовтер отбасы мен Степногорск қаласынан келген Әбіловтер отбасы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

«Тату отбасының айрықша үлгісі болып отырған сіздерге зор денсаулық, береке-бірлік, жақсылық тілеймін», - деді құттықтау сөз сөйлеген Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлжанар Шөкеева.

Айта кетейік, биылғы жылдың маусым айында ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы бірінші орын алған Қалмағанбетовтер мен Насибулиндер отбасыларының ішінен Гран-при иегерін таңдайтын болады. Гран-при иегері атанған отбасы ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық деңгейдегі «Мерейлі отбасы» байқауына қатысады.

Соңғы жаңалықтар