Ақмолалық құтқарушылар ауыр хәлде жатқан мүгедек зейнеткерді ауруханаға жеткізді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында құтқарушылар боранның салдарынан жолды қар басып, үйінен шыға алмаған 63 жастағы зейнеткердің ауруханаға жетуіне көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, наурыздың 6-да Зеренді ауылының өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Ұялы кентінде 3 топтағы мүгедек 1958 жылғы ер адамды эвакуациялау жөнінде хабар түсті. Онда зейнеткердің өз бетінше қозғала алмайтындығы және жағдайы ауыр екендігі айтылды.

«Ауылдағы қатты боранның салдарынан жолдар жабылып, жедел жәрдем көлігі зейнеткерге бара алмады. Сол себепті, құтқарушылар дәрігерлермен бірге зейнеткерді жол талғамайтын «Трэкол» автокөлігімен ауруханаға жеткізді. Қазіргі кезде зейнеткер ауруханада дәрігерлердің бақылауында», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде қалың қарда жолда қалған 200-ден астам адам эвакуацияланан болатын.


Соңғы жаңалықтар