Ақмолалық қайтыс болған туысының банктегі ақшасын шешіп алмақ болған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда алаяқтық жасамақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша 14 ақпан күні Көкшетау қалалық ІІБ-нің кезекшілік бөліміне жергілікті банк филиалдары бірінің қызметкері алаяқтық жасамақ болған ер адам туралы хабарлаған.

Кейін белгілі болғандай, ер адам біреудің құжатын пайдалану арқылы депозиттегі ақшаны шешіп алмақ болған. Ал, депозит иесінің қайтыс болғаны анықталды.

Тергеу амалдары кезінде күдіктінің депозит иесінің туысы жəне Зеренді ауданында тұратыны белгілі болды. Көз жұмған туысының банкте ақшасы барын білген ол оның құжаттарын пайдаланып, депозиттегі ақшаны шешіп алмақ болған.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар