Ақмолалық кәсіпкер тыңайтқыш қолданбай құлпынай өсіруде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы Ерейментау ауданының тұрғыны мемлекеттік грант арқылы құлпынай өсіруді қолға алып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ерейментау ауданындағы жеке кәсіпкер Светлана Мирошниченко бірнеше жылдан бері құлпынай өсіруді қолға алып келеді. Жақында ол басқаратын «Фрутика» жеке кәсіпкерлігіне мемлекет тарапынан қайтарымсыз 3 миллион теңге грант бөлінген.

null 

Кәсіпкер бұл қаржыға тамшылатып суару жабдықтарын сатып алып, отбасымен бірге 0,7 гектар аумаққа құлпынай өсіріп отыр. Алқапта құлпынайдың ремонтантты сорты ешқандай химиялық тыңайтқышсыз, табиғи жолмен өсірілуде. Құлпынайдың бұл түрі өнімділігімен, яғни, бір маусымда бірнеше рет гүлдеп, өнім беретіндігімен ерекшеленеді.

«Біз өсіріп отырған құлпынайдың сапасы өте жоғары. Петицидтерді мүлдем қолданбаймыз. Сол себепті, ашық аспан астында табиғи жолмен өсірілетін құлпынайымыз дәмді әрі адам ағзасына қажетті дәрумендерге толы. Жалпы, жидектерге рұқсат етілген нитраттар мөлшері  60 мг/кг болса, біздің құлпынайда бұл көрсеткіш 0,2 мг/кг құрайды», - дейді Светлана Мирошниченко.

Кәсіпкердің айтуынша өнім негізінен Астана қаласы мен аудан тұрғындарына сатылуда. Сапалы өнімге сұраныс жоғары. Алқапта екі адам еңбек етеді. Алдағы уақытта шаруашылықты кеңейту жоспарда бар.

null 

Соңғы жаңалықтар