Ақмолалық экскурсия жетекшілері «ЭКСПО-2017» көрмесіне ат салысады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының экскурсия жетекшілері «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындалып жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырхановтың айтуынша, Щучинск қаласында өткен семинар-тренинг барысында 50 экскурсия жетекшісі кəсіби біліктіліктерін көтерді. ЭКСПО-2017-де осы адамдар шетелдік қонақтарды қарсы алатын болады.

«Семинар барысында экскурсия жетекшілері өздерінің кəсіби деңгейлерін анықтап, экскурсия жүргізу əдістемесімен танысты. Экскурсия жүргізу техникасы мен психологиялық негіздерді игеру жəне сөйлесу мәнері талқыланды. Шешендік өнер мен аудиторияны өзіне қарата білу жəне адамдармен қарым-қатынас жасау мәнері сөз болды», - деді Ш.Батырханов.

Сонымен қатар, экскурсия жетекшілерінің «Бурабай-Қазақстан маржаны» тақырыбымен ұсынылған  26 жобаның тұсауы кесілді. 

Соңғы жаңалықтар