Ақмолалық диқандар көктемгі дала жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтамақшы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Биылғы көктемгі егістік жұмыстарды ақмолалық диқандар 20 жұмыс күні ішінде аяқтап шығамыз деп отыр. Бұл жөнінде облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндіруші компаниялары өкілдері мен қала және аудан әкімдері қатысқан кеңесте өңір басшысы Қосман Айтмұхаметов мәлім етті.

Оның айтуынша, облыстың агроөнеркәсіп кешені көктемгі-дала жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізетініне сенім мол. Әсіресе, облыс бойынша ауыл шаруашылығы техникалары 100 пайыз дайын көрінеді.

"Аймақта қазіргі заманғы еңбек өнімділігі жоғары техникамен машина-трактор паркін жаңарту бойынша бірқатар шаралар қолданылуда. Ерекше назар қазіргі заманғы егіс кешендері мен астық жинайтын комбайндарға аударылған. Биылғы жылдың басында 56 трактор, 30 егіс кешені сатып алынды. Биылғы егіс науқанына 15 мың трактор, 13 мың тұқым сепкіш техника қатысатын болады. Олардың 953-і еңбек өнімділігі жоғары егіс кешені. Өңірдің машина-трактор паркінің қуаттылығын есепке алып, дәнді және бұршақты дақылдарды 20 жұмыс күннің ішінде себу көзделіп отыр", - дейді Қ.Айтмұхаметов.

Соңғы жаңалықтар