Ақмолалық диқандар биылғы астықты ысырапсыз жинап алуды көздеп отыр

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмолалық диқандар биыл алтын астықты ысырапсыз жинап алуды көздеп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен Целиноград ауданының «Родина» агрофирмасы» ЖШС-де өткен 2014 жылғы егін жинау жұмыстарын ұйымшылдықпен және сапалы өткізу туралы семинар-кеңесі барысында айтылды.

Облыс әкімінің орынбасарлары, аудан және агроқұрылым басшыларының қатысумен өткен кездесуде аймақ басшысы С.Кулагин бүгін диқан қауымының алдында тұрған жауапты науқан - күзгі егін орағын уақытылы, ысырапсыз өткізудегі дайындық жұмыстарын пысықтады.

Оның айтуынша, облыс диқандарына науқанды ойдағыдай өткізуге барлық мүмкіндік бар.

«Біз бүгін күзгі егін ору жұмыстарын өткізу және осы науқанға агроөндірістік кешендердің дайындығын пысықтауға жиналып отырмыз. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласы бойынша жұмыс істейтін ғалымдар мен тәжірибесі бар шаруалар ұсынып отырған егін орағын өткізудің тиімді технологиясы мен стратегиясын таңдау біз үшін маңызды. Науқанға кіріспес бұрын қазіргі кезде орын алып отырған кейбір кемшіліктерді тез арада жоюмыз керек. Бұл бізге алтын астықты ысырапсыз жинап алуға мүмкіндік береді», - деді кеңесті қорытындылаған облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар