Ақмолалық дәрігерлер науқастың асқазанынан 800 грамнан астам металл зат алды
2020 жылғы 14 сәуір 17:30

Ақмолалық дәрігерлер науқастың асқазанынан 800 грамнан астам металл зат алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында дәрігерлер науқастың асқазанынан 800 граммнан астам түрлі металл зат алды.

Бұл туралы Көкшетаудағы Ақмола облыстық көпбейінді аурханасының Instagram-дағы парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Әлеуметтік желідегі жазбада аурхананың хирургтері Б. Ахметов, Ж. Қабдірәшитов, Р.Смайылов және анестезиологтар Л.Әшімова, И.Хайрова науқастың асқазанындағы бөгде затты алу бойынша хирургиялық операция жасағаны жазылған.

«Науқастың асқазанынан салмағы 800 граммнан астам бөгде зат, яғни, 112 дана металл зат алынды. Науқас заттарды өзінің дене мүшесіне қасақана зиян келтіру үшін жұтқан», - деп көрсетілген жазбада.

Жазбадағы суреттен дәрігерлер науқастың асқазанынан шруптар мен тырнақ қиғыш сияқты заттардың алғанын көруге болады.



Jańalyqtar

MURAǴAT