Ақмолалық боксшылар Ресейде өткен турнирден олжалы оралды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық боксшылар Ресейде өткен турнирден 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен олжалы оралды.

Новосібір қаласында танымал боксшы, кеңес одағының спорт шебері Дмитрий Пановтың құрметіне бокстан бүкілресейлік турнир өтті. Осымен 14-ші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық дәрежедегі жарысқа 1995 жылы туған және одан жоғары жастағы Қазақстан және Ресейдің өзге өңірлерінен барған 130 спортшы қатысты. Оның ішінде Ақмола облысынан 6 спортшы қатысты. Константин Рыбинский жаттықтыратын Нұрдәулет Жарманов 81 келі салмақта алтын, осы салмақта Вадим Казаков күміс және 64 келі салмақта сынға түскен Сабыржан Бекбергенов қола медальға ие болды. «Бұл салмақты турнир екені сөзсіз. Жыл сайын мұнда кілең мықтылар жиналады. Сондықтан, қатысушылар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, үлкен жарыстарға тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алып отыр», - дейді Константин Рыбинский.

Соңғы жаңалықтар