Ақмолалық боксшылар халықаралық турнирде жүлдегер атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық боксшылар Түркістан қаласында өткен халықаралық турнирде жүлделі орындардан көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның дерегі бойынша, Сидней Олимпидасының чемпионы Бекзат Саттархановтың құрметіне орай жастар арасында өткен жарысқа 200-ге жуық былғары қолғап шеберлері қатысты.

Оның ішінде ақмолалық жас боксшылар жоғары нәтижеге қол жеткізді. 52 келі салмақ бойынша сынға түскен Ғалым Мырзатаев бірінші, 69 келі салмақ бойынша щучьелік Рүстем Байназаров екінші, 60 келі салмақта Сұлтан Мусинов үшінші орыннан көрінді.
null 

Бұл боксшыларды Жүсіпбек Бектасов, Юрий Дергунов, Константин Рыбинский және Серік Беляловтың жетекшілігімен жаттығады.

Соңғы жаңалықтар