Ақмолалық боксшы қыз халықаралық турнирде чемпион атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Польшада өткен халықаралық турнирде ақмолалық боксшы қыздар Карина Ибрагимова мен Әйгерім Қасенова жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Силезия аймағындағы Гливице қаласында әйелдер арасында бокстан 13-ші халықаралық турнир мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге Қазақстан, Канада, Чехия, Англия, Франция, Германия, Греция, Венгрия, Үндістан, Латвия, Литва, Черногория, Норвегия, Польша, Ресей, Сенегал, Словения, Швеция, Швейцария, Танзания және Украина тәрізді 21 мемлекеттен барған былғары қолғап шеберлері қатысты. Олардың арасында Олимпиада, Әлем чемпионатының жеңімпаздары бар. 

«Бес күнге созылған жарыс барысында ұлттық құрама сапында болған ақмолалық қыздар екі медальге қол жеткізді. Оның бірі - 60 келі салмақта қолғап түйістірген Карина Ибрагимова финалдық кездесуде 2016 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері ресейлік Анастасия Белякованы 4:1 есебімен айқын басымдықпен жеңсе, 48 келі салмақта шаршы алаңға шыққан Әйгерім Қасенова үндістандық Мэри Комнан ұтылып, жүлделі екінші орын алды», - дейді Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Жалпы, Қазақстан құрмасы тоғыз медаль иеленді, оның ішінде 4-уі - алтын, 2-уі - күміс және 3-уі - қола.

Бұл жарыс спортшылар үшін ағымдағы жылдың 12-26 қарашасында Үндістанның Нью-Дели қаласында өтетін Әлем чемпионатына жаттығу кезеңі болып отыр. 

 null null 

Соңғы жаңалықтар