Ақмолалық боксшы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық боксшы Болгарияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің дерегі бойынша, Болгария елінде балалар мен жасөспірімдер арасында Джечеваны еске алуға арналған бокстан ІІІ - ші халықаралық турнир өтті. Оған әлемнің 19 елінен жиналған былғары қолғап шеберлері қатысып, бақ сынады. Қазақстан құрамасы сапында болған ақмолалық Тимур Қабдешов 49 келі салмақтағылар арасында үздік шығып, турнир жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Тимур облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінде Абзал Балтакескеновтың жетекшілігімен жаттығады. Сонымен бірге осы жарысқа қатысқан Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте алғашқы екі орынды жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар