USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ақмолалық боксшы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

2018 жылғы 12 наурыз 12:32
Бөлісіңіз:
Ақмолалық боксшы халықаралық турнирде жеңімпаз атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық боксшы Венгрияда өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің дерегі бойынша Эдер қаласында ұйымдастырылған жарысқа әлемнің әр елінен келген 300 спортшы қатысты.

Оның ішінде ҚР Жастар құрамасы сапында болған ақмолалық Талғат Шәйкен 64 келі салмақ бойынша қарсыластарынан басым түсіп, алтын медаль иеленді.

«Жерлесіміз үш кездесу өткізді. Финалдық кездесуде Дания боксшысынан айласын асыра білді», деп түсіндірді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Талған Көкшетау қаласындағы Қажымұқан атындағы №3 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінде жаттығады. Сонымен қатар, Талғат жақында Тайландтың Бангкок қаласында өтетін Азия чемпионаты дайындық бастамақ.
null null null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT