Ақмолалық биатлоншылар «Азия балалары» ойындарында жеңіске жетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық биатлоншылар халықаралық «Азия балалары» қысқы ойындарында бір алтын және бір қола медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметі бойынша, Ресейдің Оңтүстік-Сахалинск қаласында халықаралық «Азия балалары» қысқы ойындары өтуде. Жарысқа Азия-Тынықмұхиты өңірінің 20 елінен жиналған 16 жасқа дейінгі спортшылар қатысуда.

«Жарыстың екінші күні Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальдер түсті. Оның ішінде 6 шақырым қашықтықта спринтерлік жарыста ақмолалық
Вадим Куралес чемпион атанса, тағы бір жерлесіміз Данил Червенко үшінші келді», дейді Махаббат Большина.
Айта кетейік, ақпанның 17-не дейін жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар