Ақмолалық биатлоншылар «Азия балалары» қысқы ойынында екі медаль иеленді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық биатлоншылар «Азия балалары» қысқы ойынында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы екі медаль салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, бұл жолы ақмолалық биатлоншы Данил Червенко аралас эстафетада алтын медаль иеленсе, Вадим Куралес жеке аралас эстафетада күміс жүлдегер атанды.

««Азия балалары» қысқы ойындары басталғаннан бері жерлесіміз Вадим Куралес барлық деңгейдегі медальдарға қол жеткізді. Спортшыларды Владимир Затула жаттықтырады», - дейді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Айта кетейік, «Азия балалары» қысқы ойындарында Қазақстан құрамасының еншісінде барлығы 11 медаль (5 алтын, 4 күміс және 2 қола) бар. Жарысқа барлығы 73 спортшы қатысуда.

Соңғы жаңалықтар