Ақмолалық баскетболшы қыздар Қазақстан чемпионы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Баскетболдан Ақмола облысының қыздар командасы Қазақстан чемпионы атанды.

Осылайша, олар үшінші рет чемпиондық атақты қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Щучье қаласында 2003-2004 жылдары туған қыздар арасында баскетболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.

Чемпионат барысында Ақмола облысының баскетболшы қыздары жақсы ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде Ақмола облысының құрама командасы чемпион атанды. Ал екінші орынға Ақтөбе қаласының баскетболшылары орналасты, - деді Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Сонымен қатар, Ақмола облысы құрама командасының мүшесі Надежда Яковлева чемпионаттың үздік ойыншысы деп танылды.

Айта кетейік, ақмолалық баскетболдан қыздар командасы бапкерлер Татьяна және Виктория Волковалардың жетекшілігімен жаттығады. Олар 2019, 2020 жылдары чемпион болса, биыл үшінші рет жеңімпаз атанды.


Соңғы жаңалықтар