Ақмолалық балалар үйінің тәрбиеленушілері Мәскеуден жүлдемен оралды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Есіл қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері Мәскеу қаласында өткен «Қазақстан - Ресей: шексіз ғылым» атты оқушылар мен студенттердің III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына барып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалар конференцияның алғашқы күнінде үлкен Мәскеу циркін, «Царевна-Несмеяна» қойылымын тамашалады. Қызыл алаң, храмдар мен әртүрлі сәулет ескерткіштері және саябақтар тәрізді қаланың көрікті жерлерін аралап көрді.

«Конференцияның екінші күнінде балалар өздерінің жобаларын маңыздылығы және мағыналығы жағынан қорғау керек болатын. Бұл жағынан алғанда біздің балалар жақыс нәтиже көрсетті», жоба жетекшісі Светлана Мозалевская.

Жалпы, конференцияға Қазақстанның әр өңірінен барған 60-тан астам бала қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша «Спорт менің өмірімде» және «Құрақ құрау қиялға қанат бітірер» жобаларымен Эдуард Шараев пен Евгения Гайнутдинова І орынға ие болды. Жетекшілері - Светлана Мозалевская мен Айман Қауыметова. Сонымен қатар, Анастасия Бабошина, Евгения Моорг, Александра Ляшенко қатысқаны үшін алғыс хаттарымен марапатталды.

null

Конференция соңында балалар шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, «МАНЭИиП» ҚҚ-ның төрағасы Талғат Төремұратовқа өздері жасаған осы жылдың символы - ит пен «ЖАҢА DАY» газетінің арнайы санын сыйлады.
null 

Соңғы жаңалықтар