Ақмолалық балалар өзін-өзі қорғау мен алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «30 игі іс» акциясы аясында Ақмола облысының полицейлері балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретті және өзін-өзі қорғау курсын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы шеңберінде Ақмола облыстық полиция департаментінің арнайы жұмылдыру дайындығы басқармасы мен ЖПБ «Динамо» ФСО филиалымен бірлесіп, аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар, «Динамо» секцияларының тәрбиеленушілері үшін өзін-өзі қорғау, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша курс өткізді.

«Өскелең ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, жанашырлық пен жауапкершілік сезімін, бір-біріне тілектестік қарым-қатынасты тәрбиелеу мақсатында департамент қызметкерлері балалармен алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша әңгіме және практикалық сабақтар өткізді. Кез келген адамға қолдағы құралдардың көмегімен жарадан қанды тоқтатуға қалай көмектесуге болатынын, жараға таңуды қалай дұрыс қою керектігін, жүрек тоқтаған кезде жүрек массажын және жасанды тыныс алуды көрсетті. Балалар жауынгерлік қарумен танысты, Калашников автоматын жасаушы туралы көптеген қызықты ақпарат алды, сондай-ақ өзін-өзі қорғау тәсілдерінде өз күштерін сынап көрді», - деді ведомстводан.

Полиция бөлімшелерінің қызметкерлерімен қызықты сабақтардан кейін балалар футболдан жолдастық кездесулер өткізді, ал үздік ойыншылар грамоталармен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар