Ақмолалық балалар бейнежазба арқылы Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында ЕЦ-166/24 мекемесі қызметкерлерінің балалары онлайн форматта ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қысқаша сұхбат бейнежазба түсіріп, онда барша қазақстандықты мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіе сілтеме жасап.
1 желтоқсан – тұңғыш президент сайлауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барша қазақстандықтардың зор сеніміне ие болған күні. Тұтас ел мен халықтың сеніміне ие болу арқылы Елбасы өзіне жүктелген бар жауапкершілікті айқын сезіне отырып, өз елі мен халқының тағдырын анықтауда өзінің перзенттік те, президенттік те борышын адал атқара білді.
ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту, еліміздің егемен ел ретінде қалыптасуындағы Елбасының рөлін көрсетіп, отансүйгіштікке және патриотизмге тәрбиелеу.
«Шара барасында Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЕЦ-166/24 мекемесі қызметкерлерінің балалары арасында онлайн форматта Елбасы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы қысқаша сұхбат бейнежазба түсірілді. Онда әр бүлдіршін ҚР Тұңғыш Президент жайлы өз пікірі мен көз қарасын білдіріп, барша қазақстандықтарды осынау айтуылы мерекемен құттықтады», - дейді Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
- Екі полицейдің өлімі бойынша күдіктінің ісі сотқа жолданды - Ақмола облысы
- Ақмола облысында өткен жылы ауыл шаруашылығы бойынша 40 жоба іске асырылды
- Ақмола облысында 1,8 мыңнан астам бизнес жоба қолдау тапты
- Шоқыну мейрамы: 1500-ден астам ақмолалық суға шомылды
-
Ақмола облысында полиция 9 сағат жолда қалған қостанайлықтарға көмектесті
-
Ермек Маржықпаев: Ақмола облысында эпидахуалды тұрақтандыруға бағытталған жұмыс жүргізіліп жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам