Ақмолалық бадминтоншылар ел чемпионы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының бадминтоншылары ел чемпионы атанды. Енді ақмолалықтар аралас, жеке және жұп бойынша медальдарды сарапқа салады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Щучинск қаласында 2005-2006, 2007 жылғы спортшылар арасында бадминтоннан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 100 жуық спортшы қатысты.

Бадминтоннан Ақмола облысының бас жаттықтырушысы Андрей Шкробот бұл спорт ептілік, төзімділік, жылдамдықты қажет етеді.

«Бір ойында спортшылар 15 шақырымға дейін жүгіреді. Спортшы бір минутте де бір орында тұрмайды. Сол себепті, ол көп энергияны шығындатын ойын саналады», - дейді А.Шкробот.

Бүгін командалық есепте Ақмола облысының құрама командасы бірінші орын алды. Екінші және үшінші орындарды Түркістан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары өзара бөлісті.

Жас спортшылар аралас, жеке және жұп бойынша қарашаның 24-не дейін күш сынасатын болады.

«Жарысты тартысты өтті. Қарсыластарымыз өте мықты», - дейді бадминтоншы Жәнел Дүкенова.

Соңғы жаңалықтар