Ақмолалық армрестлинг шебері әлем чемпионатынан қола жүлде алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық армрестлинг шебері әлем чемпионатынан қола жүлде алды. Бұл Дмитрий Тюковтің екінші қола медалі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркияда жастар арасында әлем чемпинаты өтуде. Байрақты жарысқа әлемнің 54 елінен жиналған 1200 спортшы қатысып, бақ сынауда. Оның ішінде ұлттық құрама сапында болған ақмолалық Дмитрий Тюков 21 жастағылар арасында 60 келі салмақта оң қолымен күресте қол медальға ие болды.

«Армрестлинг менің сүйікті спортым. Бұл қарсыласқа жарақат салмайтын, моральдық зиян келтірмейтін спорт. Мұнда тек мықты күш көрсету ғана қажет», -дейді Дмитрий Тюков.

Жаттықтырушысы Ильи Ильиннің айтуынша, спортшылардың арасында бәскелестік жылдан жылға күшейіп келеді.

Айта кетейік, армлифтинг бойынша ҚР Чемпионатында көкшетаулық Илья Ильин екі бірдей рекорд орнатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар