Ақмолалық ардагер самбодан Қазақстан чемпионы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалық ардагер Болатбек Қожаев самбодан Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан қаласында ардагерлер арасында самбодан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 200-ден астам спортшы қатысып, шеберлігін ортаға салды. Олардың арасында Ақмола облысынан барған самбошылар бір алтын және үш күміс медаль иеленді.

«Чемпионатта 55-59 жастағылар арасында 90 келі салмақта сынға түскен атбасарлық Болатбек Қожаев қарсыластарын тізе бүктіріп, алтын медаль иеленді. Сондай - ақ, 35-39 жастағылар арасында (100 келіден жоғары салмақта) бұландылық Көпжасар Князов, 50-54 жастағылар арасында (74 келі салмақта) қорғалжындық Мұрат Түсіпбеков, 65 және одан жоғары жастағылар арасында степногорлық Смағұл Ахметжанов күміс жүлдегер атанды», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Соңғы жаңалықтар