Ақмолалық 50 сәбиге baby-бокс сыйға тартылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Ақмола облысында 16 және 17 желтоқсан күндері дүниеге келген 50 сәбидің ата-анасына Мемлекет басшысының құттықтау тілегі жазылған baby-бокстар сыйға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сүйінші» сыйқорабына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы және баланың туу туралы куәлігі салынған.

«Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!», - деп жазылған Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

16 және 17 желтоқсанда туған балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАЖ органдарына жолданды.

«Сүйінші» сыйқорабына ие болғандардың арасында көкшетаулық Әйгерім Ысқақова да бар. Ол желтоқсанның 16-да қыз баланы дүниеге әкелген. Нәрестенің салмағы 3 келі 788 грамм, бойы 53 сантиметр. Ата-анасы оның есімін Азиза қойған. Сәбидің ата-анасы қуаныштарына ортақтасып, сый-құрмет көрсеткендерге шексіз алғысын білдіруде.

Жалпы, Ақмола облысында 16 және 17 желтоқсан күндері дүниеге келген 50 сәбидің ата-анасына Мемлекет басшысының құттықтау тілегі жазылған baby-бокстар сыйға тартылды. Оның 22-і Көкшетау қаласында тіркелген.

Айта кету керек, «Сүйінші» сыйқораптарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған үкіметпен бірге және ҚР Ұлттық банк, Центркредит банкі және «Қазпошта» АҚ қатысуымен ұйымдастырып отыр.


Соңғы жаңалықтар