Ақмолалық 3 азамат қар құрсауынан құтқарылды
2023 жылғы 5 ақпан, 23:48

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері ақмолалық 3 азаматты қар құрсауынан құтқарылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«4 ақпан сағат 15:40 шамасында Өркендеу ауылында жол бойындағы шаруа қожалықтарды, серіктестіктер мен шалғай учаскелерді тексеру барысында Қорғалжын ауылының үш тұрғыны табылды.
Балық аулауға бара жатқан тұрғындардың жолда Audi көлігі қалың қарға батып қалған. Полицейлер күректерімен көлікті қар құрсауынан шығарып, оны қызметтік көлікке тіркеді», - деп мәлімдеді аймақтағы полиция департаментінен.
Тұрғындар полицейлерге алғыс білдірді.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары