Ақмолалық 14 кәсіпорын «Қазақстанда жасалған» тауар белгісін қолдануда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы  14  кәсіпорын «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер және кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мүше. Бұл кәсіпорындар өндірген өнімдерге сұраныс жоғары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстың өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ербол Жақсылықовқа сілтеме жасап.

«Отандық өндірісті дамыту мақсатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Қазақстанда жасалған» жалпыұлттық акциясын қолдау үшін «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер және кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі құрылған болатын. Отандық тауарларды сәйкестендіру үшін тауар өндірушілер өз өнімдеріне «Қазақстанда жасалған» бірыңғай тауар белгісін қояды. Бұл белгіні тегін қолданады. Бірақ оны «Қазақстанда жасалған» тауар өндірушілер және кәсіпкерлер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мүшелікке енгендер ғана қоя алады. Осы ретте, аталмыш қауымдастықтың басты міндеті «Қазақстанда жасалған» белгіні импорттық өнімдерге қолдану сияқты заңсыздықтарға жол бермеу», - дейді Ербол Жақсылықов.

Бастапқыда отандық тауар өндірушілер өнімнің Қазақстанда жасалғанын білдіретін белгіні рұқсатсыз алып қолданса, енді белгі тауар өндірушілер және кәсіпкерлер қауымдастығының https://atpsk.kz сайтында тіркелу арқылы жүзеге асырылады. Қазірдің өзінде 196 отандық компания тіркелген.

 Оның ішінде Ақмола облысындағы «КапиталНатурПродукт» ЖШС, «Тыныс» АҚ, «Айбат» ЖШС, «SAMHAT» аяқкиім фабрикасы» ЖШС, «Арман» тоқыма фабрикасы» ЖШС, «KAZYNA-SR» ЖШС, «TNK» агрофирмасы» ЖШС, «Ақпан 17» ЖШС, «Ет өнімдері» ЖШС, «ҚазОрман» ЖШС, «Тұрмыстық химия зауыты» ЖШС, «ENKI» ЖШС, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, «Родина» агрофирмасы» ЖШС, «Жанет» ЖШС бар.

«Ақмола облысының тауар өндірушілері шығарған өнімдер елімізде және шетелде жоғар сұранысқа ие. Астана қаласында үш «AQMOL» дүкен желісі жұмыс істейді. Оған ақмолалық 70 тауар өндіруші өз өнімдері жеткізуде. Жыл соңына дейін елорда да тағы 7 дүкен ашу жоспарды бар», дейді басқарма басшысы.

Соңғы жаңалықтар