Ақмоладан шыға берісте «Aqmola Region» бренд белгісі қойылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат -Ақмола облысы аумағынан шыға берісте өңірдің бренді «Aqmola Region» іспеттес биіктігі 15 метр белгі қойылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жобаны авторы «Дизайн Сити» жарнама агенттігінің дерегі бойынша, арнайы ерекше белгі Ақмола облысының өзге облыстарымен шектесін шекара тұсында, яғни, шығар беріс жолдың бойында орнатылады. Белгінің биікті 6х3 метр болады.

«Қанатқақты жобаны біз қазірден бастап қолға алып, маусымның 10-на дейін, ал Бурабай ауданында алдағы 4-5 күннің ішіне орнататын боламыз. Кейін облыс бойынша осындай барлығы қанша белгі қажет екенін анықтаймыз. Кейбір аудандарға 2-3 белгіден орнату қажет болуы мүмкін», деп түсіндірді агентіктегілер.

Тапсырыс берушілердің айтуынша, белгіге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде немесе ағылшынның орнына бірден латын тілінде жазу қарастырылуда. Оған қоса, нысан жарық иодты шамдармен безендірледі.

«Қазіргі кезде, бірқатар ұсақ-түйек мәселелерді шешіп алу керек. Жалпы, жобаның негізгі сұлбасы дайыналды. Енді орнататын аумақтарын анықтап алуымыз керек. Алдымен Бурабай ауданында орнатамыз, кейін ұнап жатса барлық аудандарда қолға алынады», - дейді Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Владимир Фельбелт.

Соңғы жаңалықтар