Ақмоладағы ұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы ұшақ апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ақмола облысы аумағында әуе-химиялық жұмыстар жүргізу кезінде АН-2 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы бойынша («Теміржол, әуе және су көліктерін пайдалану ережелерінің сақталмауы») қылмыстық іс қозғалды», - делінген көлік прокуратурасының мәліметінде.

Ведомствоның хабарлауынша, көліктегі полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел тексеру тобы құрылған.

«Әуе апатын тексеру барысы Бас көлік прокуратурасының бақылауында», - делінген ресми ақпаратта.

Еске сала кетейік, бүгін Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Салдарынан ұшқыш көз жұмып, екі экипаж мүшесі түрлі жарақатпен аурханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, экипаж мүшелерінің жағдайы өте ауыр.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов апаттың себебі анықталып жатанын атап өтті. Арнайы комиссия құрылып, тергеу жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар