Ақмоладағы тексерілген 85 су қоймасының 78-і шомылуға жарамды - ТЖД

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында суға шомылу маусымына белсенді дайындық жүріп жатыр. Өңір құтқарушылары барлығы 85 су қоймасын тексерді, оның 78-і шомылуға жарамды деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде суға шомылу маусымы кезінде жағажайларда кезекшілікті жүзеге асыратын 120 қоғамдық құтқарушыны дайындадық. Сонымен қатар, шомылу маусымында тоғыз жаңа ресми жағажайдың ашылуы және жұмыс істеуі жоспарланған, оның алтауы — коммуналдық, үшеуі — жеке меншік.

«Өңір құтқарушылары барлығы 85 су қоймасын тексерді. Тексеріс қорытындысы бойынша 78-і шомылуға жарамды деп белгіленді. Осы ретте, коммуналдық жағажайларда кезекшілік төрт көлде – Зеренді, Щучье, Қопа және Бурабайда жүзеге асырылады. Судағы барлық құрал-жабдықтар техникалық жарамды күйде, алайда көп нәрсе азаматтардың өздерінің мінез – құлқына байланысты», - деді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым.

Алдын алу аясында құтқарушылар полиция департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 4573 рейд жүргізді, оның қорытындысы бойынша 308 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

«Облыстың су айдындарында азаматтардың демалуы үшін қауіпсіз инфрақұрылым мен жағдай жасау жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда», - деді Қ.Қасым.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында суға батқан екі адамның денесі табылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар