Ақмоладағы серіктестік ұжымы Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп өзгертуді қолдауда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы «Целиноградское» кредиттік серіктестігінің ұжымы Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертілуіне қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ел мүддесін басты мұрат еткен ҚР Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегінің арқасында Тәуелсіздігін жаңа алған жас мемлекет алға қадам басты. Нарықтық жүйе игеріліп, жекешелендіру жүргізілді, кәсіпкерлерге қолдау жасалып, инвестициялар тартылды, алыс-жақын шетелдермен өзара сауда қатынастары жақсы жолға қойылды. Тәуелсіз елдің алғашқы қадамдарының бірі - төл теңгеміз қолданысқа енгізіліп, дербес қаржы жүйесі құрылды.

Бұл жұмыстар мен қолдаулардың нәтижесі көп күттірмеді, қаржылық дағдарыстарға төтеп беріп, экономикамыз дамыды. Әр қазақстандықтың әл-әуқаты жақсарып, еліміз жаңа белестерді бағындыра бастады. Саяси шешім қабылданып, елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданды. Қысқа мерзім ішінде Еуразия кіндігінде, Есілдің бойында жаңа елордамыз пайда болды», - дейді ұжым қызметкерлері.

Сонымен қатар, «Целиноградское» кредиттік серіктестігінің ұжымы Елбасының табанды жұмысының арқасында іске асып, қазіргі Қазақстан жедел қарқынмен дамып келе жатқан, экономикасы тұрақты ел қатарынан орын алғанын айтуда.

«ҚР Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінің арқасында Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан - бұл бүкіл әлемдік үдерістер интеграцияланған, демократиялық құндылықтарды мойындайтын мемлекетке айналды.

Сондықтан, Астана қаласын Елбасы есімімен қайта атау уақыты жеткен табиғи заңдылық екенін мойындаймыз. Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп қайта атауды «Целиноградское» кредиттік серіктестігінің ұжымы толық қолдайды», - дейді ұжым қызметкерлері.

Соңғы жаңалықтар