Ақмоладағы құсбегілер турниріне бүркітші Айшолпан келді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында құсбегілердің «Қансонар-2018» турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бурабай ауданындағы «Майбалық» демалу аймағында ұйымдастырылған халықаралық турнирге Қытай, Қырғызстан, Испания, Түрікменстан, Моңғолия, Мажарстан, Ресей жəне Қазақстанның әр өңірінен келген 50 саятшы қатысты.

Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылып отырған бұл жолғы турнирге Қазақстан Республикасы және Азия елдерінен бүркіт, ителгі, қаршыға баптаумен айналысатын  мықты құсбегілер келді. Турнир барысында жарыс ережесі бойынша құсты қолға қондыру, шырға тарту арқылы алғырлықтары сыналды. Ақтық сынға шыққандар қоян, түлкі және қасқырға алуға салынды. 

«Мұндай деңгейдегі шараны өткізу Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласындағы ойлармен түйісіп, өзектілігін арттырып отыр. Қазақстан ұзақ ғасырлық тарихы мен салт-дәстүрі бар мемлекет саналады. Біз бай тарихымыз бен ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан ата салтымыз, Ұлы даланың қайнар көзі мен рухани байлығын дәріптеп, өскелең ұрпаққа отансүйгіштік пен патриоттық тәрбие беруіміз керек», - деді аймақ басшысы Мәлік Мырзалин турнирге қатысушыларды құттықтау сөзінде.
null 

Турнирдің құрметті қатысушыларының арасында жас бүркітші ретінде күллі әлемге танылған Моңғолиядағы қазақ қызы Айшолпан Нұрғайыптың болуы турнирдің көркін одан сайын аша түсті.

Айшолпан сегіз жасынан құсбегілікпен айналысады. Бүркітшілікке оны әкесі баулыған. Бурабайға әкесімен бірге келген.

«Мен Бурабайда бірінші рет келіп отырмын. Табиғаты тамаша екен. Келер жылы өтетін жарысқа міндетті түрде қатысатын боламын», дейді Айшолпан.

Турнир қорытындысы бойынша ең үздік құсбегі атағы мен бас жүлде автокөлік Көкшетау қаласының Краснояр кентіндегі  Руслан Тұмүрзиновке бұйырды. 29 жастағы Руслан Ақмола облысының ПД қызмет істейді. Құсбігіліктен бөлек, ол қазақы аңшы иттерді асырау және ұлттық ойын көкпармен айналысады.  Алған бұдан кейін орындарға жайғасқан өзге жүлдегерлерге 2 миллион теңгенің сертификаты тапсырылды. Олардың арасында бірінші орын алған бүркітші Алматы облысынан келген Алмас Сейітжан, «Қаршығамен аңшылық» аталымы бойынша Алмастың інісі Аян Сейітжан, Сұңұқармен аң аулауда тағы бір алматылық Медет Шолыпов үздік атанды.
null 

Сонымен қатар, жүлделі екінші және үшінші орындарды Жамбыл, Ақмола облыстары және Астана қаласының өкілдері өзара бөлісті.

null null null null null 

Соңғы жаңалықтар