Ақмоладағы екі емхана балаларға міндетті тегін медициналық қызметті толық көрсетпеген

None
None
КӨКЩЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы Степногор қаласында орын тепкен Viamedis ЖШС емханасы мен «Бурабай аудандық емхана» ШЖҚ МКК кәмелетке толмаған балаларға медициналық қызметті толық көлемде көрсетпеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтағы прокуратураның мәліметінше, Степногор қаласының және Бурабай ауданының прокуратуралары кәмелетке толмағандарды кепілдендірілген тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша денсаулық сақтау саласында талдау жүргізген.

«Денсаулық сақтау мекемелері жыл сайын кәмелетке толмаған балаларды тегін медициналық тексеруден өткізуге міндетті. Алайда, Степногор қаласында 2021 жылдың өзінде медициналық тексеруге жататын 17 807 баланың ішінен емхана 7 246 баланы ғана қамтыды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 19 мыңнан астам кәмелетке толмаған баланың конституциялық құқықтары қорғалды, сонымен қатар, емханаға бұзушылықтарды қысқа мерзімде жоюды және қаланың, ауданның барлық кәмелетке толмаған балаларын тегін медициналық тексерумен қамтамасыз ету міндеттелді», - деп жазды ведомстводан.

Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін «Оқжетпес» шипажайының қызметкерлері көлік кептелісі жұмысты тежейтініне шағымданғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар