Ақмолада жыл басынан бері 55 адам жол апатынан қаза тапқан

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жыл басынан бері 400 жол апаты болып, онда 55 адам қаза тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай қайғылы статистика аймақтың бас полицейі, генерал-майор Берік Біләловтің патруль полицейлерімен кездесуінде айтылды.

Берік Біләлов жол-көлік оқиғаларын азайту – полицияның алдында тұрғын негізгі міндет екенін атап өтті. Дегенмен, бүгінгі таңда өңірде 400 жол апаты болып, салдарынан 55 адам көз жұмған.

«Жергілікті полиция басқармасының бастығы Серік Баймұқановтың берген мәліметіне сенсек, күн сайын патруль полицейлері қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 24 патруль бағыты бойынша екі ауысымды режимде жұмыс істейді. Полицейлер жолда тәулігіне 24 сағат қызмет етеді. Полиция қабылдаған шаралар арқасында 2 мыңнан астам заң бұзу фактілерінің алды алынды. Алкоголь ішімдік ішіп, көлік жүргізген 68 адам ұсталды. Жылдамдықты асырған 162 жүргізуші мен жолды тыйым салынған жерде кесіп өткен 400 жаяу жүргінші жауапқа тартылды», - деп мәлім етті ведомстводан.

Берік Біләлов патруль полициясы командирлеріне дәстүрлі статистикадан бас тартып, өз жұмысын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағыттап, көлік қозғалысының барлық қатысушыларына ілтипатпен қарау керектігін айтты.

Кездесуде айтылған барлық пікір-ұсыныстарды тыңдаған генерал-майор кезекшілікке түсетін патруль полицейлерінің экипажын ұлғайту мәселесін қарастыруды тапсырды.
Соңғы жаңалықтар