Ақмолада жұмыс істеп тұрған желдеткішті сүртпекші болған жұмысшы қолынан айырылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Жолымбет кентіндегі «Алтын Алмас» акционерлік қоғамының кенішінде жұмыс істеп тұрған желдеткіш компрессорын сүртпекші болған жұмысшы абайсызда қолынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы шілденің 9-да Шортанды аудандық полицияның кезекші бөліміне жергілікті ауруханаға Семей қаласының 30 жастағы тұрғыны «сол қолының травматикалық ампутациясы» диагнозымен жеткізілгені туралы хабар түскен.

«Ер адамның Жолымбет кентіндегі «Алтын Алмас» акционерлік қоғамының кенішінде жұмыс істеп тұрған желдеткіш компрессорын сүрту кезінде жарақат алғаны анықталды. Осыған байланысты полиция тарапынан тексеріс жүргізілуде», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында зауыт аумағында ер адам тоққа түсіп, көз жұмған еді.



Соңғы жаңалықтар