Ақмолада жүк көлігін тоқтатпақшы болған механик көз жұмды

Фото:
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақсу кентінде істен шыққан жүк көлігін тоқтатпақшы болған 63 жастағы механик көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 ақпанда Степногор қалалық ПБ кезекші бөліміне 112 операторынан Ақсу кентіндегі жергілікті кәсіпорының боксында бір адамды «КамАЗ» жүк көлігі соғып мерт қылғандығы туралы хабар түсті.

«Анықталғандай, «КамАЗ» жүк көлігі биылғы жылдың 25 қаңтарынан бастап, 2 ақпаны аралығында жөндеуде болған. Ақсу кентінің тұрғыны 55 жастағы жүргізуші жөнделген көлікті кәсіпорынның аумағында сынақтан өткізіп, боксқа қоймақшы болады. Алайда, қозғалтқыш жүйесінде техникалық ақау шығып, көлік тоқтамай қойған. Осы кезде көлікті тоқтатпақшы болған 63 жастағы механикті «КамАЗ» жүк көлігі бокс қабырғасына қысып тастайды. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», - деді ведомстводан.

Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар