Ақмолада жүк көлігі жолаушысының өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жүк көлігі жолаушысының өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіше, қыркүйектің 21-де Аршалы аудандық ПБ кезекшілік бөліміне «ҚазАвтоЖол» ҰК« АК қызметкері хабарласып, ақша төлеу пунктінде оқыс оқиға болғанын айтқан.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері анықтағандай, Нұр-Сұлтан қаласындағы »Шапағат« сауда үйіне бағыт алған »Зил-130« жүк көлігі жолақысын төлейтін терминалға жете бергенде тежегіші істемей қалған. Осы кезде жүк көлігінің жолаушысы, Қызылорда қаласының 35 жастағы тұрғыны көліктен секіріп түсіп, шлагбаумды көтермек болған. Алайда, ер адам құлап кетіп, көлік дөңгелі мен терминал платформасының ортасына қысылып қалған.

»Ер адам алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. ҚР ҚК 001 бабы «адам өлімі» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде«, дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.


Соңғы жаңалықтар