Ақмолада жолда қалып қойған Түркияның екі азаматы құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жолда қар құрсауында қалған Түркияның екі азаматы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, желтоқсанның 22-де сағат 14:09-де «Жақсы-Державинск» тас жолының 89-шы шақырымында екі жүк көлігі қар құрсауынан шығарылды. Екі көліктің жүргізушілері де Түркияның азаматтары.

«Бізге Жарқайың және Жақсы аудандарының шекарасында техника тиелген екі жүк көлігінің қарға батып қалғаны туралы ақпарат түскен. Жүргізушінің екеуі де - Түркия азаматтары. Шетелдіктердің Нұр-Сұлтанға бағыт алғаны анықталды. Олар боранда адасып, жолда қалған қалған», - дейді Жақсы аудандық ТЖБ басшысы Манат Бегалин.

Құтқару жұмыстарына ТЖД, ПД және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар