Ақмолада жолда қалып қойған 16 жолаушы құтқарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 18 желтоқсан күні Астана-Петропавл тасжолында «Setra» автобусы бұзылып, жолаушылар аялдауға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Кеше Астана-Петропавл тасжолының 193-шақырымында «Сарыағаш-Петропавл» бағытымен қатынайтын «Setra» автобусы бұзылып қалған. Борттағы 16 жолаушының 14-і - ​​өзбекстандық, қалған екеуі - Ресей азаматтары. Осыған байланысты адамдарды эвакуациялау жөнінде хабарлама келіп түсті. Біржан сал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен аудан әкімдігінің қызметкерлері аталмыш азаматтарды «Газель» көлігімен Бұланды ауданы Макинск қаласының темір жол вокзалына жеткізіп тастады. Олар сапарын әрі қарай жалғастырады» делінген хабарламада.

Ал, ақаулы «Setra» автобусы жөндеу үшін жол бойындағы ең жақын кемпинг алаңына жеткізілген.

Соңғы жаңалықтар