Ақмолада жол апатынан 2 адам көз жұмып, 5 бала зардап шекті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол апатынан 2 адам көз жұмды, сондай-ақ, тағы 8 адам ауруханаға жатқызылды, оның бесеуі - кәмелет жасына толмаған балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегінше, жол апаты қаңтардың 3-де сағат 18:00 шамасында «Көкшетау – Атбасар» тасжолының 114-шақырымында, яғни Сандықтау ауданының Балқашин ауылынан 20 шақырым қашықтықта орын алған.

«Анықталғандай «Hyundai Accent» көлігінің 33 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай жолдың қарсы бағытында жүріп келе жатқан «Toyota Camry» көлігімен соқтығысқан. Осының салдарынан «Hyundai Accent» жүргізушісі мен 1987 жылғы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, тағы 8 адам жарақат алып ауруханаға жатқызылды, оның бесеуі - кәмелет жасына толмаған балалар»,-дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.





Соңғы жаңалықтар