Ақмолада жоғалған жылқысын іздеуге шыққан малшы суға батып кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының Жарқайың ауданында жоғалған жылқыны іздеуге шыққан 51 жастағы жылқышы суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 30 маусым сағат 08:30 шамасында Державинск қаласынан 15 км қашықтықтағы Есіл өзенінде ТЖД Жедел құтқару жасағы суға батып кеткен 51 жастағы жылқышының денесін іздестірді.

Ер адам 26 маусым күні кешкі сағат 18:00 жайылымнан жылқы іздеуге кетіп, қайтып оралмаған. Ал маусымның 28-де өзен жағасынан оның киімдері табылған.

«Маусымның 30-ы күні сағат 15:15 шамасында ТЖД іздестіру тобы өзен жағасынан 10 метр жерден суға батқан жылқышының денесін тапты. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталуда» дейді ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар