Ақмолада жоғалған 15 жасар қыз астанадағы танысының үйінен табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Аршалы ауданында жоғалған 15 жасар жасөспірім Нұр-Сұлтан қаласындағы танысының үйінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы қыркүйектің 10-да Аршалы аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан өтініші түскен. Әйелдің сөзінше, оның 2005 жылы туған қызы үйінен кетіп, қайтып оралмаған.

Жасөсіпірім туыстарымен байланысқа шықпаған. Жедел іздестіру шарасына Аршалы аудандық ПБ жеке құрамы, жергілікті полиция құрамы, криминалды полиция бөлімі және тұрғындар тартылды.

Олар жақын маңдағы елді мекендер мен орман алқаптарында іздеу жұмыстарын жүргізді.

«Бір тәулік ішінде жасөсіпірім Нұр-Сұлтан қаласынан табылып, заңды өкіліне қайтарылды. Белгілі болғандай, жасөспірім өзінің досының үйінде болған. Оның құқығын бұзу бойынша ешқандай әрекет жасалмаған» деп толықтырды ведомстводан.


Соңғы жаңалықтар