Ақмолада жемқорлық жасап сотталған 42 шенеуніктің 16-сы ғана түрмеге қамалған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында бір жылда сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 42 адам сотталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола прокуратурасы таратқан мәліметке сенсек, 16 адам бас бостандығынан айырылған, 16-сына айыппұл салынса, 10 сотталушының бас бостандығы шектелген.

Айта кетейік, мемлекеттік органдарда төменгі буыннан бастап басшылық құрамға дейін әртүрлі лауазымдарды атқаратын субъектілер жауапкершілікке тартылады.

Мәселен, биыл Көкшетау қалалық сотының облыстық полиция департаментінің лауазымды тұлғалары А.Садуов пен С. Жұмалинаға қатысты сыйақы беру және іссапарға жіберу туралы жалған бұйрықтар шығару арқылы бюджеттік қаражатты жұмсау фактілері бойынша үкім заңды күшіне енді. Олар полиция полковнигі атағынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар