Ақмолада жел үш мектеп пен 40-қа жуық тұрғын үйдің шатырын ұшырып әкетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қатты жел үш мектеп пен 40-қа жуық тұрғын үйдің шатырын ұшырды. Сонымен бірге бірқатар елді-мекен жарықсыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 маусымда Біржан сал және Бұланды аудандары аумағында 30 м/с жылдамдықпен соққан қатты жел саларынан 3 мектеп пен 38 жеке тұрғын үйдің шатыры ұшты. Көптеген ғимарат бүлінген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ дауылдың салдарынан электр бағаналары құлап, бірқатар елді мекен жарықсыз қалған.

Апаттан келген шығын көлемін жергілікті атқарушы органдар анықтап жатыр.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда нөсерден кейін көшелер мен аулаларды су басып қалғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар