Ақмолада жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, қашып кеткен 4 қарағандылық ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жаяу жүргіншіні қағып кеткен қарағандылықтар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі полиция департаментіне сілтеме жасап.

Маусымның 12-де Ақмола облысының Аршалы кенті аумағында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының бойында жол-көлік оқиғасы болды.

Полицейлер ВАЗ-2114 автокөлігінің белгісіз жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткенін анықтады.

Жәбірленуші түрлі ауыр жарақат алып, көз жұмды.

Анықталғандай, аталмыш көлік Қарағандыға қарай бет алған және ол бейнебақылау камераларында тіркелген.

Бұдан кейін Қарағанды қаласы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері мен Ақмола облысы ПД жол-көлік оқиғасына қатысушыларды анықтау үшін бірлескен жедел іздестіру шарасын өткізді.

Тәртіп сақшылары Қостанайдан Қарағандыға автокөлік жеткізумен айналысатын Қарағандының төрт тұрғынын ұстады. Күдіктілер кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта олар тергеу әрекетін жүргізу үшін Ақмола облысы ПД қызметкерлеріне берілді.

Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.


Соңғы жаңалықтар