Ақмолада жас қыздарды жезөкшелікке салғандар ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, қылмыс «Тоқта трафик» жедел алдын алу шарасы барысында анықталған.

«Шара қолға алынғаннан бергі 3 күн ішінде ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі бөлімшелер, әкімшілік полиция және көші-қон қызметі бірлесіп, өнеркәсіптік орындарда, ауыл шаруашылығы аумақтарында, көңіл көтеру, монша-қонақүй кешендерінде рейд жүргізді. Соның нәтижесінде адам саудасына қатысты 4 қылмыстың беті ашылды. Оның 2-уі жезөкшелікке тарту және 2-уі жеңгетайлыққа қатысты», дейді ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның атап өткендей, Көкшетау қаласында тұратын әйелдің үстінен ҚР ҚК 308 бабы (жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу) бойынша іс қозғалды. Ійел қорқыту, бопсалау, күш қолдану арқылы 23 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Дәл осындай оқиға Щучье қаласында анықталды.

Сонымен қатар, арнайы шара кезінде Щучье және Степногор қалаларында жеңгетайлық оқиғасы әшкерленді. Онда заң бұзушылар белгіленген ақы үшін қыздарды жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Күдіктелер қызмет ақысын 2 000 теңгеге бағалаған. Қазіргі кезде барлық оқиға қатысты ҚР ҚК 309-бабы бойынша із қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш санкция бойынша күдіктілер мүлкін тәркілеумен қоса, 5 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар