Ақмолада «Volunteer.KZ» облыстық форумы өтті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Степногор қаласында Еріктілер жылы қарсаңында «Volunteer.KZ» облыстық форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еріктілер қызметі идеясын, қайырымдылықты және азаматтық бастама белсенділігін арттыруға бағытталған шараға облыстың әрі өңірінен жиналған 200 делегат қатысты. Жиналғандар алдында қала басшысы Еркебұлан Баяхметов сөз сөйлеп, бүгінгі қоғам үшін еріктілер жұмысының маңыздылығына тоқталды.

«Бүгінгі жастар – халықтың ұйымдасқан, белсенді тобы, жаңа идеялардың қозғалтқышы, қоғамның өмірлік күші мен қуат көзі болып табылады. Жастар еліміздің келешегі ғана емес, бүгінгісі», - деді қала әкімі Е. Баяхметов.

TEDx форматында өткен шарада қатысушылар әріптестікті нығайту, еріктілер жұмысын, еріктілер жобасы мен шешендік шеберлікті дамыту мәселелерін талқылады.

«Женский Луч» ҚБ директоры Оксана Волкова-Михальская, «Десантное братство» ҚБ директоры Владимир Советов, «Балапан» ҚБ директоры Евгения Овчинникова, «Zhas Urpak» бастамашыл топтың төрағасы Зарина Сәлімова, «Таңшолпан» қалалық балалар мен жасөспірімдер» ҚБ өкілі Милана Ломакина, Кристина Коваленко өз ойларын ортаға салды.

«Volunteer.KZ» форумына қатысушылар үшін «Степногорск – жарқын қала!» атты экскурсия ұйымдастырылды. Форумның соңы концерттік бағдарламаға ұласып, үздік қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар