Ақмолада үздік колледж оқытушысы 150 000 теңгеге ие болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері арасында «Үздік педагог-2019» байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасына сілеме жасап.

Щучинск қаласындағы орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінде ұйымдастырылған байқауды өткізудегі мақсат - педагог мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктерге қол жеткізген, шығармашылықпен айналысатын педагогтарды марапаттау.

Байқау қорытындысы бойынша облыстық «Үздік педагог-2019» байқауының Гран-при жүлдесі және 150 000 теңгенің сертификатына Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Бақытгүл Батанасова ие болды. Ал, 1-ші дәрежелі диплом мен 100 000 теңгенің сертификатына Степногордағы индустриалды-техникалық колледждің өндірістік білім беру шебері Виктория Тополя, 2-ші дәрежелі диплом мен 75 000 теңгенің сертификатына Зеренді ауданының Шағалалы ауылындағы агротехникалық колледжінің оқытушысы Данияр Аққошқаров, 3-ші дәрежелі диплом мен 50 000 теңгенің сертификатына Краснояр кентіндегі агротехникалық колледждің қазақ тілі және әдебиетінің оқытушысы Мендігүл Елеушова лайық деп танылды.

Байқаудың ақтық кезеңіне қатысушылардың барлығына Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Талғат Жүнісовтың атынан грамоталар тапсырылды.
null

Сонымен қатар, бір топ педагог Ақмола облысы білім қызметкерлері кәсіподағының грамоталары мен бағалы сыйлықтармен, «Көшбасшы педагог» аталымы бойынша 40 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды.
null

Мерекелік шара колледждің шығармашылық ұжымы әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.
null

Соңғы жаңалықтар