Ақмолада түзету мекемесінің қызметкерлері жазасын өтеушілерді бопсалаған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында түзету мекемесінің қызметкерлері жазасын өтеушілерді бопсалаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысы бойынша жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев жемқорлыққа қылмысты алдын алу және ескерту бойынша Ақмола облыстық қылмыстық-атқару жүйесін жүйесі департаментінің жеке құрамымен және түзету мекемесінің басшылығымен кездесу өткізді.

Кездесуде түзету мекемесінің қызметкерлері арасында жемқорлық, сондай-ақ, сотталған адамдарға қатысты азаптау сияқты заңсыз қылықтарды алдын алу мәселелері қаралды. Мұрат Төлеубаевтың сөзінше, аталмыш салада жемқорлықтың қауіпі жоғары болып қалуда.

«Түзету мекемесіндегі лауазымды қызметкерлердің сотталғандармен қызметіне сай келмейтін қатынас жасағаны, яғни, сыйақы ретінде ұялы телефон байланысына белгілі бір сомада бірлік салу оқиғасы анықталды. Сонымен қатар, пробациялық бақылау саласында да жемқорлық тәуекел мәселесі түйіткілді болып отыр. Бұл ескерту жұмыстарың әлсіз екендігін білдіреді», - дейді Мұрат Төлеубаев.

Жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу басқармасының басшысы Руслан Тұрғамбеков Ақмола облысында сотталғандар тарапынан азаптау және құқықтары бұзылғандығы туралы арыз-шағымдары көбейгені байқалады.

Кездесу барысында сотталғандарды ұрып соғып, күш қолдану, алаяқтық жол арқылы ақшалай қаражатын тартып алып, сотталғандармен қызметіне сай келмейтін қатынас жасаған түзету мекемесінің лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық іс шеңберінде ҚР ҚПК 200-бабы бойынша ұсыныстар қаралды.

Қылмыстық-атқару жүйесі басшылығына күштеп мойындату, сондай-ақ, тергеуге қатысты зардап шегушілер, куәгерлер, олардың отбасы мен туыстарының соңына түсу және қорқытудан қорғау шараларын жүргізуде құқықбұзушылыққа жол берген қызметкерлерді әкімшілік, қылмыстық - процессуалдық шеттету шарасын қолданғанда дұрыс шешім қабылдау ұсынылған.

«Бүгінгі таңда қызметтік шара тиісінше қолданылмай келеді. Сол себепті, құқықбұзушылық орын алуда. Әсіресе, арыздардың көбі Атбасар қаласындағы ЕЦ-166/4 қатысты (47 шағым), Степногор қаласындағы ЕЦ-166/18 қатысты (32 шағым) түсті», дейді Р.Тұрғамбеков.

Кездесуді қорытындылаған Мұрат Төлеубаев түзету мекемесі қызметкерлерінің заңсыз әркетіне қатысты азаматтар мен сотталғандар тарапынан түскен арыз-шағымдарды қарау жұмыстарын ұйымдастыруды қайта қарау, жеке құрамы арасында құқықбұзушылықты анықтап қана қоймай, оның себептерін анықтауды ұсынды.


Соңғы жаңалықтар