Ақмолада «Тумгоевтер» қылмыстық тобын құрғандар сотталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Тумгоевтер» қылмыстық тобының жетекшілері сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылы Ақмола облысының ҰҚКД, ПД және ЭТД ведомствоаралық тергеу-жедел тобы «Тумгоевтер» ұйымдасқан қылмыстық тобы жетекшілерінің қылмыстық әрекетінің жолын кесті.

«Көкшетау қалалық сотының 27 маусымдағы үкімімен топ жетекшісі Р. Тумгоев ҚР ҚК 245-бабы 3-бөлімі («Салық төлеуден жалтару») және 262-бабы 1-бөлімі («ҰҚТ құру және оған жетекшілік ету») бойынша кінәлі деп танылып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді» делінген хабарламада.

Биылғы 25 қарашада сот шешімімен Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлімі, 2-тармағы («Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық») бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары негізінде «Тумгоевтер» қылмыстық тобының басқа жетекшісі Ю. Куртоев 9 жылға сотталды. Ол сондай-ақ 5 жыл бойы кәсіпкерлік субъектілерінде басшы және материалды-жауапты лауазымдарда жұмыс істей алмайды.

Соңғы жаңалықтар